Dеtskisadakjol

Dеtskisadakjol

Share

04/02/2026

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Алматы облысы, Талғар қаласындағы ЖШС «Ақжол» бөбекжай-балабақшасында «Адалдық дүкені» республикалық акциясы ұйымдастырылды.

«Адалдық дүкені» – балаларға өмірмен тығыз байланысты, қарапайым әрі түсінікті түрде адалдық ұғымын қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік жоба. Аталған дүкен арқылы тәрбиеленушілер адал болудың, белгіленген ережелерді сақтаудың және өз әрекетіне жауапкершілікпен қараудың маңызын тереңірек түсінеді.
Сатушысыз ұйымдастырылған дүкенде әр бала өз ар-ұжданына сүйене отырып әрекет етеді. Яғни, алған затына өзі әділ ақы төлеу қажеттігін саналы түрде ұғынып, жеке жауапкершілік дағдыларын қалыптастырады.

Бұл жоба балалардың бойында заңға құрмет, тәртіпке бағыну, сенім, әділдік пен жауапкершілік сияқты маңызды адамгершілік құндылықтарды дамытуға ықпал етеді.

Алматы облысы, Талғар қаласы, ЖШС «Ақжол-888», «Ақжол» бөбекжай балабақшасы.
Жас ерекшелік: 3 жас
Тәрбиеленушілер саны: 4
Тәрбиеші: Аязбаева Ақерке Нұрланқызы

Want your school to be the top-listed School/college in Talgar?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Telephone

Website

Address


Райымбек Батыр 86
Talgar

Opening Hours

Monday 08:00 - 18:30
Tuesday 08:00 - 18:30
Wednesday 08:00 - 18:30
Thursday 08:00 - 18:30
Friday 08:00 - 18:30