Yko Museum
21/02/2026
21 ақпан – Дүниежүзілік экскурсия жетекшілері күні.
Музей – ұлттың өткені мен бүгіні тоғысқан, тарихы мен тағылымы сақталған рухани орда. Ал сол асыл қазынаны келушілерге тереңінен таныстырып, мән-маңызын жүрекке жеткізетін басты тұлға – экскурсия жетекшісі. Ол тек дерек айтып беруші маман емес, тарихты сөйлететін, мәдени мұраны тірілтетін, уақыт пен ұрпақты жалғайтын дәнекер.
Экскурсия жетекшісінің кәсібилігі мен біліктілігі арқылы әрбір жәдігер жаңа қырынан ашылып, өткеніміз жаңғыра түседі. Оның шебер баяндауы келушінің санасында өшпес әсер қалдырып, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттырады. Сондықтан бұл мамандық – зор жауапкершілік пен терең білімді талап ететін абыройлы қызмет.
Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейі барлық экскурсия жетекшілерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, толағай табыс және алғысқа толы сәттер тілейміз!
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Shymkent
160012