AstanaOpera
29 қараша – Astana Opera-да Гала-концерт!
Екі бөлімнен тұратын жарқын бағдарлама Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедьяров пен италиялық маэстро Джузеппе Акуавиваның жетекшілігімен бір сахнада «Астана Опера» солистерінің, хоры және симфониялық оркестрінің басын қосады.
Бірінші бөлім
Классиканың симфониялық жауһарлары және флейтаға арналған әсем музыка.
И.С.Бах пен К.В.Глюктің туындылары Ерболат Ахмедьяровтың басқаруындағы симфониялық оркестр мен флейташы Ержан Кушановтың орындауында шырқалады.
Екінші бөлім
Ұлы композиторлардың жауһарларынан әйгілі ариялар, дуэттер мен ауқымды ансамбльдер.
Маэстро Джузеппе Акуавива, хор және оркестр тыңдарман қауымға естен кетпес кеш сыйлайды.
Кештің шақырылған солисі – Ержан Кушанов – Париж Жоғары ұлттық музыка және би консерваториясының түлегі, халықаралық байқаулардың лауреаты және Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің флейта тобының концертмейстері.
📅 29 қараша
📍 Үлкен зал
Алғашқы дыбысынан-ақ шабыт сыйлайтын музыкалық кеште жүздескенше!
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the establishment
Telephone
Website
Address
Улица Кунаева 1
Nur-Sultan
010000
Opening Hours
| Tuesday | 10:00 - 19:00 |
| Wednesday | 10:00 - 19:00 |