ERG Sport

ERG Sport

Share

11/08/2025

ERG Run Fest 2025 туралы маңызды хабарлама

Құрметті достар, дәстүрлі жүгіру фестивальдеріміздің қатысушылары!

Биыл ERG күрделі, бірақ саналы шешім қабылдады – 2025 жылғы ERG Run Fest өткізілмейді. Бұл шешім компанияның күш-қуатын ірі өндірістік жобаларға, цифрландыруға, жаңғырту жұмыстарына және ауқымды инвестицияны қажет ететін жаңа нысандардың іске қосылуына бағыттаумен байланысты.

Сонымен қатар, Қазақстанда Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында біз жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға, олардың беделін арттыруға және кәсіби бағдар беруге арналған маңызды бастамаларды жүзеге асырып жатырмыз.

ERG Run Fest жарыстарына жыл сайын қатысып жүрген барлық қатысушыларға шын жүректен алғыс айтамыз! Сіздердің табандылықтарыңыз бен қайрат-жігерлеріңіз мыңдаған адамды белсенді және салауатты өмір салтын таңдауға шабыттандырды. Сіздер спорт пен қозғалыстың өмірді жақсы жаққа өзгертетінін дәлелдедіңіздер.

Спорт пен салауатты өмір салты ERG-дің әлеуметтік саясатының басым бағыты болып қала береді. Біз өңірлердегі спорттық қозғалысты дамытуды жалғастырып келеміз: жарыстар, турнирлер, денсаулық фестивальдерін өткізіп, балалар спортын қолдаймыз.

ERG Run Fest 2026 жылы мамырда қайта оралады!

Сондықтан тоқтамаңыздар – жүгіре беріңіздер, өзгелерге үлгі бола беріңіздер!

⤵️⤵️⤵️

Photos from ERG Sport's post 26/05/2025

Бұл жай футбол емес – бұл нағыз эмоция, командалық рух пен естен кетпес сәттер!

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Nur-Sultan?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Website

Address


Nur-Sultan