Tera Store TS

Tera Store TS

Share

Photos from Tera Store TS's post 11/01/2021
Photos from Tera Store TS's post 30/03/2019

Бүгінгі күн қандай тамаша!

Көп карталар әлі Нұрсұлтан болып ауыстырта бермепті. Мен қолданған карта әлі Астана деп тұр екен :) .

Біз де ақырындап Нұрсұлтан атауына үйреніп келеміз.

@ Astana, Kazakhstan

Photos from Tera Store TS's post 27/03/2019

ЖАҢА ЗАМАН КӨЛІКТЕРІ

Қазіргі таңда, қалалы жерлерде машинамен жұмысқа бару және уақытында жету деген күн өткен сайын кептелістердің көптігінен қиынға соғуда. Әсіресе автобуспен қыстырылысып-қымтылысып жұмысқа баруды ойлап көріңіз. Айтпай-ақ жеткілікті.

Бұл проблемаларды шешу үшін жаңа теxнологиялар, тасымалдау көліктері ойластырылуда. Бұлардың бірнешеуі біздің сатып жатқан электровелосипедтер, электросамакаттар Қазақстанның да қалаларында орын алуда.

Электровелосипедтер арқылы жұмысыңызға кептеліссіз уақытында жете аласыз. Бұл велосипедтер батареямен қуаттандырылған моторы арқылы 25км/сағат жылдамдықпен 30 минутқа дейін жүруге қауқарлы. Егер үзеңгісін (педалын) қоса қолданатын болсаңыз 60км қашықтыққа дейін күші жетеді. Батареясының зариады біткен жағдайда да жай велосипед сияқты жүріп мақсат еткен жеріңізге жете аласыз. Зариады біткен батареяны да велосипедтен бөлек шығарып алып зариадтауыңызға болады.
Бүктеліп жиналатын велосипедтерді үйде қайда қоямын деп өзіңізді мазаламайсыз. Жинай салып пәтердегі балконыңызға немесе коридорыңызға қоюыңызға да болады.

Көптеген қалаларда велосипедтерге арналған жолдар салынған, жаңа да вело жолдары салыну жоспарлануда. Барған жеріңізде велосипедімді қай жерге қоямын деп парк орны іздемейсіз. Көп жерлерде велотұрақтар орналастырылған. Велотұрақтар жоқ болған жағдайда да велосипедіңізді бекітетін орын табу қиын емес.

Электросамакаттарды да қалада қолданушыларды көптеп көре аласыз. Машинамен немесе автобуста кептелісте тұрғанда кептеліссіз электросамакатпен жүйткіп бара жатқан адамдарды көріп тамсанатын да шығарсыз мүмкін. Электросамакаттарды жұмысқа барғанда жинай салып жұмысыңызға ала кіруіңізге болатын ыңғайлы транспорт құралы.

Жылдам теxнологиялардың дамысымен ұшатын дрондармен немесе ұшатын темір тұлпарлармен жұмысқа баратын заман да ұзақ емес сияқты. Бұл күндерге де барлығымызды жеткізсін.

Сіздерге қызықты болар деп төмендегі линктен алынған суреттерді қостым. Қаласаңыз Америкадағы Жой Вейкстің мақаласын оқып шығарсыз :)

https://gizmodo.com/i-rode-an-e-scooter-as-far-from-civilization-as-its-bat-1833434599?utm_medium=sharefromsite&utm_source=gizmodo_copy&utm_campaign=top

27.03.2019
Даналық

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Nur-Sultan?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Telephone

Website

Address


Mangilik El 33/2
Nur-Sultan