KazakhExport

KazakhExport

Share

19/05/2026

22-24 мамырда Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында Ulttyq ónim - отандық өндірушілердің дәстүрлі көрмесі өтеді.

Ulttyq Ónim – мемлекеттен қолдау алған қазақстандық компаниялардың өнімдері мен қызметтерін насихаттауға арналған ең ірі көрме алаңы. Мұнда қазақстандық өндірушілер, инвесторлар, мемлекеттік және қаржы институттар басшылары, сондай-ақ халықаралық сарапшылар бас қосады.

Көрмені ұйымдастырушы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы).

Көрме аясында компаниялар тамақ, жеңіл, ауыр және химия өнеркәсібі, жиһаз және құрылыс өндірісі, крафт индустрия және экономиканың басқа да салаларындағы өнімдер мен қызметтерін ұсынады.

Жобаның басты мақсаты – отандық бизнесті қолдау, кооперацияны дамыту, жаңа серіктестер табу және қазақстандық өнімдердің өткізу нарығын кеңейту.

______________________

С 22 по 24 мая в Международном выставочном центре EXPO пройдет IX ежегодная выставка отечественных производителей Ulttyq ónim – 2026.

Ulttyq ónim – крупнейшая выставочная площадка, направленная на продвижение продукции и услуг казахстанских компаний, получивших государственную поддержку. Площадка объединяет казахстанских производителей, инвесторов, первых руководителей государственных и финансовых институтов, а также международных экспертов.

Организатором выставки выступает Фонд развития предпринимательства «Даму» (дочерняя организация холдинга «Байтерек»).

В рамках выставки компании представят продукцию и услуги в сферах пищевой, легкой, тяжелой и химической промышленности, мебельного и строительного производства, крафтовой индустрии и других отраслей экономики.

Главная цель проекта – поддержка отечественного бизнеса, развитие кооперации, поиск новых партнеров и расширение рынков сбыта казахстанской продукции.

Photos from KazakhExport's post 19/05/2026

Казахстан усиливает финансовую поддержку экспорта в Россию и страны исламского мира на KazanForum

В период с 12 по 15 мая 2026 года представители Экспортно-кредитного агентства (ЭКА) Казахстана приняли активное участие в работе XVII Международного экономического форума «Россия – Исламский мир: KazanForum» в составе единой национальной делегации под руководством Министра торговли и интеграции РК Армана Шаккалиева.

Участие ЭКА Казахстана было направлено на укрепление торгово-экономических связей, развитие промышленной кооперации и продвижение казахстанского несырьевого экспорта через инструменты страхования и торгового финансирования.

В рамках деловой программы форума региональный директор ЭКА Казахстана Ренат Калиев провел ряд встреч с российскими импортерами и финансовыми институтами Татарстана, Чувашии и Мордовии. В центре обсуждения находились инструменты страхования отсрочки платежа и торгового финансирования, направленные на повышение устойчивости и прозрачности внешнеторговых поставок казахстанской продукции на российский рынок.

Photos from KazakhExport's post 15/05/2026

Астана экспорт пен инвестицияны қолдау саласындағы маңызды халықаралық алаңға айналды. Қазақстан астанасында әлемдік сауданың шамамен 13 пайызын сақтандыратын ең ірі халықаралық ұйым — Берн одағының көктемгі отырысы өтті. Бұл кездесу ұйым тарихында алғаш рет Орталық Азия аумағында ұйымдастырылды. Қабылдаушы тарап — «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ.

Форумға әлемнің 70-тен астам елінен делегаттар қатысты. Олардың қатарында экспорттық-кредиттік агенттіктердің, халықаралық қаржы ұйымдарының және ірі сақтандыру компанияларының басшылары бар.

Жиынды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов ашты. Ол Қазақстан экономикасының құрылымдық жаңғыруды жалғастырып жатқанын атап өтті. 2025 жылы еліміздің сыртқы сауда айналымы 144 млрд долларға жетіп, қазақстандық өнімдер 127 елге экспортталған.

Премьер-Министр халықаралық серіктестерді Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге шақырып, ЭКА арқылы трансшекаралық мәмілелерді сақтандыру және «Бәйтерек» ҰИХ арқылы халықаралық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктеріне тоқталды.

«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшиннің айтуынша, Үкіметпен бірлесіп 2032 жылға дейін құны 170 млрд доллар болатын перспективалы жобалар пулы қалыптастырылған.

Берн одағының президенті Юичиро Акита қазіргі таңда экспорттық-кредиттік агенттіктердің рөлі күшейіп келе жатқанын айтты. Оның сөзінше, Қазақстан бүгінде өңірдегі маңызды инвестициялық және қаржы хабына айналып отыр.

Форум аясында ЭКА Türk Eximbank, Saudi EXIM Bank, BAEZ және ASHRA ұйымдарымен стратегиялық келісімдерге қол қойды. Сонымен қатар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі Берн одағының Қысқа мерзімді сақтандыру комитетінің құрамына енді.

Берн одағының келесі сессиясы Токио қаласында (Жапония) өтеді.

Photos from KazakhExport's post 14/05/2026

Экспортно-кредитное агентство Казахстана вступило в Комитет по краткосрочному страхованию Бернского союза

В Астане завершилось заседание Бернского союза – крупнейшего международного объединения страховщиков экспортных кредитов и инвестиций. Впервые в истории объединения форум прошел в Центральной Азии, а его главным итогом стало принятие Экспортно-кредитного агентства Казахстана в полноправные члены Комитета по краткосрочному страхованию (ST).

Вступление в Комитет ST считается высшим признанием в структуре союза. Именно на этот сегмент в 2025 году пришлось порядка 90% прироста всей торговой поддержки членов Бернского союза, общий объем которой достиг 3,7 трлн долларов. Для Казахстана это означает официальное признание агентства равноправным игроком наряду с мировыми гигантами.

Председатель Правления Экспортно-кредитного агентства Казахстана Аллен Чайжунусов отметил: «Наше членство подтверждает соответствие операционных процессов и стандартов аналитики Казахстана уровню ведущих мировых институтов. С объемом краткосрочного страхования в 4,5 млн долларов и агрегированной ответственностью в 841 млн долларов, мы почти вдвое превзошли минимальные требования Бернского союза. Для нас это не просто цифры, а выход на новый уровень: доступ к данным об убытках в реальном времени и возможность формировать глобальную повестку андеррайтинга наравне с такими гигантами, как Allianz Trade, Atradius, Sinosure и NEXI».

В рамках работы ST участники детально проанализировали тренды рынка частных торговых кредитов в Центральной Азии. Основной фокус был направлен на поддержку малого и среднего бизнеса и преодоление дефицита страховых мощностей в этом сегменте. Эксперты уделили особое внимание стратегиям управления рисками неплатежеспособности, а также современным методам мониторинга и оперативного реагирования андеррайтеров.

14/05/2026

Түркияның экспорттық-кредиттік агенттігінің (ЭКА) жобалық қаржыландыру және халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Хатидже Уркметц Астанада өтіп жатқан Берн одағының отырысы аясында Орталық Азияда жүзеге асырылып жатқан жобаларды қаржылай қолдау туралы айтты. Ол Қазақстандағы тұрақтылық халықаралық инвесторлар үшін жаңа әрі ауқымды мүмкіндіктерге жол ашатынын ерекше атап өтті.

«Türk Eximbank тұрғысынан Орталық Азия мен Қазақстан стратегиялық өте маңызды әрі ұзақмерзімді әлеуетке ие. Біз өңірде және Қазақстанда ірі жобаларға айтарлықтай қолдау көрсеттік. Түркия мен Орталық Азия елдерін берік тарихи, мәдени және экономикалық байланыстар біріктіретіні белгілі. Сондықтан да өңір, әсіресе тұрақты жағдайымен ерекшеленетін Қазақстан, инвестициялық ынтымақтастық тұрғысынан үлкен мүмкіндіктер ашады», — деді Түркияның экспорттық-кредиттік агенттігінің жобалық қаржыландыру және халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Хатидже Уркметц

14/05/2026

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) экспорттық кредиттер және бәсекелестік бөлімінің жетекшісі Сильвия Говорникова Астанада өткен Берн одағының отырысында Қазақстанның халықаралық экспорттық кредиттеу жүйесіндегі белсенді рөлін атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстан жаһандық деңгейдегі талқылауларға тұрақты түрде қатысып, тиімді басқару, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне айрықша мән беріп отыр. Сильвия Говорникова сондай-ақ ЭЫДҰ елдері арасында Қазақстанға инвестициялық әлеуеті жоғары әрі болашағы зор нарық ретінде қызығушылық күшейіп келе жатқанын жеткізді

«Біз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы халықаралық келіссөздер талқыланатын алаң болғанына өте қуаныштымыз, сондай-ақ Қазақстан барлық пікірталастарға, әсіресе тиімді басқару мәселелеріне, атап айтқанда экологиялық және әлеуметтік мәселелерді кешенді тексеру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, сондай-ақ орнықты кредит беру тәжірибесіне қатысты талқылауларға өте белсенді қатысып келетінін атап өткім келеді. Мен Одаққа мүше елдеріміздің Қазақстанға сатып алушы ретінде қатысуға деген қызығушылығы артып келе жатқанын көріп отырмын. Сондықтан Қазақстан үшін халықаралық ережелерді сақтау аса маңызды», — деді ЭЫДҰ-ның экспорттық кредиттер және бәсекелестік бөлімінің басшысы.

Want your business to be the top-listed Finance Company in Nur-Sultan?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Telephone

Address


Мәңгілік Ел 55А
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30