Library ENU

Library ENU

Share

26/05/2026

Еңбек еленген күн: Ғылыми кітапхана қызметкерлері мерейтойлық медальмен марапатталды!

Бүгін университетіміздің қара шаңырағында айтулы әрі ерекше қуанышты шара өтті. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дамуына, оның ішінде білім мен ғылымның алтын ұясы — Ғылыми кітапхананың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ардақты мамандарымыз жоғары марапатқа ие болды.
Кітапхана ісіне, заманауи оқу-әдістемелік және ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға 30 жылдан астам уақыт бойы адал қызмет етіп, табанды еңбек сіңірген ардақты әріптестеріміз — Ермаганова Мейрамгүл Загпарқызы, Карима Казисқызы және Алмагүл Мұхтаровна «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды!

Осынау жылдар ішінде мыңдаған студенттер мен жас ғалымдардың ізденіс жолына бағыт-бағдар беріп, университет мәртебесін көтеруге атсалысқан аяулы қызметкерлерімізді бүгінгі лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Марапат иелеріне зор денсаулық, отбасылық бақ-береке және рухани ордамызды дамыту жолындағы еңбектеріне толағай табыстар тілейміз! Еңбектеріңіз жана берсін!

18/05/2026

Мемлекеттік деңгейдегі маңызды қадам: Кітап оқу мәдениеті қолдау тапты!

Президент «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Рухани кемелдік пен терең білімді ту еткен бұл бастама жастарымызды жаңа ізденістерге жетелеп, саналы қоғамның іргетасын нығайта түспек.



#ғылымикітапхана

08/05/2026

Университет ғалымдарының ғылыми еңбектері: 30 жылдық белес

Құрметті оқырмандар, оқытушылар мен студенттер! Университетіміздің айтулы мерейтойы қарсаңында ғылым әлеміне жол ашатын бірегей шараға шақырамыз. 30 жылдық белесте университет қабырғасында туындаған іргелі зерттеулер мен зияткерлік жетістіктер бір арнаға тоғыспақ.

Көрме экспозициясында университет ғалымдарының көпжылдық еңбектерінің нәтижесі — түрлі ғылыми бағыттар бойынша жарық көрген соны кітаптар, іргелі монографиялар мен заманауи зерттеу еңбектері ұсынылады. Бұл — білім мен ғылымның сабақтастығын паш ететін, ғалымдарымыздың интеллектуалдық әлеуетін танытатын маңызды таныстырылым.

📍 Өтетін орны: Ғылыми кітапхана (Пушкин к-сі, 11)
📅 Күні: 11-12 мамыр
⏰ Уақыты: 11:00

Ғылым — білімнің шыңы. Университет мақтаныштарының еңбектерімен бірге танысайық! Бәріңізді күтеміз!



#ғылымикітапхана #ену30жыл

Want your organization to be the top-listed Government Service in Nur-Sultan?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Telephone

Address


Nur-Sultan

Opening Hours

Monday 09:00 - 20:00
Tuesday 09:00 - 20:00
Wednesday 09:00 - 20:00
Thursday 09:00 - 20:00
Friday 09:00 - 20:00
Saturday 09:00 - 17:00