IT Bilim

IT Bilim

Share

01/05/2023

БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘЛЕМ!

Алгоритм есеп шығару дағдысын дамытуға арналған "Uzdik algorithm" курсын бастайық деп жатырмыз.

КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН:
- Python немесе C++ программалау тілі бойынша базасы немесе түсінігі бар;
- Негізінен мектеп ұстаздары арналады (бірақ ешкімді шектемейміз);
- Аудандық/облыстық олимпиада есептерін шығаратын деңгейге жеткісі келетін ұстаздар үшін;
- Codeforces контестінде div2-нің алғашқы есептерін оңай шығаратын деңгейге жеткісі келетіндер үшін.

ЖАЛПЫ КУРС ТУРАЛЫ:
- Мамыр;
- Аптасына 3-рет (лекция, контест, талдау) зум арқылы кешкі уақытта болады.
- Әр сабақ ұзақтылығы 1-1,5 сағат.
- Жалпы курста 15-16 сабақ (+контест) болады деп жоспарлануда.

КУРС БАҒАСЫ:
- 30’000 теңге.

КУРСТА ӨТІЛЕТІН ТАҚЫРЫПТАР:
- Python/C++ негіздері (кіріс-шығыс, тип, if-else, for-while);
- Функция, стэк, кезек (+ есептер шығару);
- Сорттау түрлері (+ компаратор);
- Жиын, сөздік, басымдық кезек
- Перебор мен рекурсия

Толығырақ: https://tiny.cc/uzdik_algo

18/04/2023

Үздіктер жобасында кезекті кодинг интервью.

Бұл жолы асмп сайтында 150+ есеп шығарған оқушымыз Медеу біз беретін алгоритм есептерін шығарып көреді.

https://www.youtube.com/watch?v=i823hPufQx0&ab_channel=ITbilim

23/10/2022

📺 Кезекті IT Bilim Вебинары алдағы сенбіде

Тақырыбы: IT мамандықтар

15 жылдан астам IT саласында қызмет етіп келе жатқан, дисководтің хит кезін көзі көрген Тимур ағамыздың қазіргі IT мамандықтар жайлы айтары бар. Өзіміз көп естіп жүрген фронтенд, бэкенд, мобильді әзірлеушілерден басқа да мамандықтарды талқылайтын боламыз. Қай тілден бастап оқу керек, қандай технологиялармен жұмыс істеу керек, тағы басқа да сұрақтарға жауап береміз.

🕰 Уақыты: 29-Қазан (сенбі) 19:00 (Астана уақыты)

🎤 Өтетін орны: t.me/it_bilimkz телеграм арнасы (видео чат)

Вебинар жайлы жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар ❤️

Want your school to be the top-listed School/college in Karaganda?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Telephone

Address


Karaganda