Altynsarin Institute

Altynsarin Institute

Share

Photos from Altynsarin Institute's post 08/09/2025

Арқалық педагогикалық университетінің ұжымы Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдады
Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдады.
Президент Жолдауында жасанды интеллектті ел дамуының негізгі басымдығы ретінде атап өтті. Бұл міндеттер университет үшін де маңызды, өйткені оқу орны жастардың заманауи білім алуына, цифрлық сауаттылығын арттыруға және елдің зияткерлік әлеуетін нығайтуға өз үлесін қосып келеді. Осы орайда Мемлекет басшысы «Al-Sana» бағдарламасы аясында 100 мыңға жуық студенттің жоғары технологиялық жобаларға тартылып жатқанын,жасанды интеллект негіздерін үйрету және педагогтердің жаңа технологияларды меңгеруін қамтамасыз ету қажеттігін атап өттi.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Арқалық қаласы әуежайының жаңартылып жатқанын ерекше атап өтті. Бұл – Торғай өңіріне деген мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған айрықша қамқорлықтың белгісі.Әр жаңару өңір тұрғындарының көңіліне үміт пен серпін сыйлайды.
Жиын соңында университет ректоры Т.Е. Ещжанов Президенттің бастамалары ел болашағы үшін айрықша маңызды екенін атап өтіп, ұжымды білім мен ғылым арқылы осы міндеттерді жүзеге асыруға шақырды.

30/08/2025

🇰🇿 Бүгін – халқымыздың қастерлі мерекесі, Конституция күні!
30 жыл бұрын қабылданған Ата Заң – біздің тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің айнасы.
Бұл мереке – еркіндігімізді, теңдігімізді және болашағымызға деген сенімімізді нығайтады.
Елімізге амандық, бейбіт өмір және жарқын болашақ тілейміз!

29/08/2025

Қазақ жасөспірімдер театрында «Айбары асқақ – Ата Заң» атты салтанатты концерт өтті.
Қазақстан Республикасының Конституция күні, Ата заңымыздың 30 жылдығына орай Қазақ жасөспірімдер театрында «Айбары асқақ – Ата Заң» атты салтанатты концерт ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қала әкімі Әмірхан Біркенұлы Асанов құттықтау сөз сөйлеп, атаулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, бірқатар азаматтар мемлекет және өңір деңгейіндегі марапаттарға ие болды.
Концерттік бағдарламада әндер шырқалып, би биленіп, ұлттық күйлер шертілді.
Мерекелік шараға университет ректоры бастаған қызметкерлер мен студенттер қатысып, салтанатты кештің куәсі болды.

Photos from Altynsarin Institute's post 25/07/2025

«ALTYNSARIN UNIVERSITY» ге жаңа ректор тағайындалды.

Бүгін Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры лауазымына Ещжанов Талғат Есмаханбетұлы ресми түрде тағайындалды.
Оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамымен және қызметкерлерімен өткен кездесу барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызы жаңа басшыны таныстырып, оған жүктелген маңызды міндеттерді атап өтті. Ол өз сөзінде білім беру саласындағы жаңа реформалар мен жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолындағы жүйелі жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, жаңа ректордың тәжірибесі мен біліктілігі бұл мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Өз кезегінде Талғат Есмаханбетұлы көрсетілген сенім мен қолдау үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлына алғысын білдірді. Ол алдағы уақытта университеттің ғылыми-академиялық әлеуетін арттыруға, білім сапасын жетілдіруге және оқу орнының даму стратегиясын жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді. Сондай-ақ ұжыммен тығыз байланыста жұмыс істеп, жаңашыл бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін айтты.

Photos from Altynsarin Institute's post 22/01/2025

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жастардың кадрлық әлеуетін дамыту – Ы.Алтынсарин ат.АрқПИ қызметіндегі басым міндеттердің бірі.
Біздің оқытушылар PhD докторантура шеңберінде Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында оқып, табысты қорғап келеді .
Бұл оқытушылардың жеке және кәсіби өсуінің маңызды көрсеткіштерінің бірі және жалпы ЖОО-да білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Жақында Altynsarin institute-ның "Химия, биология, география" ББ жетекшісі, экономика және бизнес магистрі Сағынғали Ғабизиятұлы Қалқашев Абай атындағы ҚазҰПУ-да докторлық диссертациясын (PhD) сәтті қорғады.

Әріптесімізді философия докторы (PhD) дәрежесін беруімен құттықтаймыз. Әрі қарай кәсіби табыстар мен жаңа жетістіктер, сәттілік пен шығармашылық шабыт тілейміз!

Want your school to be the top-listed School/college in Arkalyk?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Telephone

Address


Улица Ауельбекова 17
Arkalyk
110300

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00