Almaty polytechnic college

Almaty polytechnic college

Share

16/07/2026

🇰🇿🇹🇷 2026 жылғы 5–12 шілде аралығында Алматыдан барған оқытушылар делегациясы Түркия Республикасының көркем өңірі – Муғла қаласында өткен «Түрікше үйренемін, Түркияға барамын» халықаралық білім беру бағдарламасына қатысып, қайта елге аман-есен оралды.

Бір апталық тағылымды сапар барысында қатысушылар Муғла өңірінің тарихи және мәдени орындарын аралап, көне қалалар мен тарихи ескерткіштерді тамашалап, түрік халқының бай мәдениетімен, салт-дәстүрімен және ұлттық құндылықтарымен жақынырақ танысты.

Бағдарлама аясында Түркияның ұлттық тағамдарынан дәм татып, әйгілі түрік шайы мен кофесінің ерекше дәмін сезініп, түрік халқының қонақжайлығы мен шынайы ықыласына куә болдық.

Бұл сапар кәсіби тәжірибе алмасуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және бауырлас Қазақстан мен Түркия халықтарының арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға үлкен мүмкіндік болды.

«Түрікше үйренемін, Түркияға барамын» бағдарламасын ұйымдастырушыларға, Қазақстан мен Түркия арасындағы білім және мәдени байланыстардың дамуына үлес қосып жүрген барлық азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында біз тек жаңа білім мен тәжірибе

05/07/2026

🎓 ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE-ге құжаттарыңызды дәл бүгін тапсырыңыз!

Заманауи білім алып, сұранысқа ие мамандықты меңгеріп, болашағыңызға сенімді қадам жасаңыз.

📍 Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты:
🗓 Дүйсенбі – Жұма
🕘 08:00–18:00
📱 WhatsApp: +7 707 171 0800
☎️ Қоңырауға арналған телефон: +7 727 341 0014

ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE сіздерді күтеді! 💙

🎓 Подавайте документы в ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE уже сегодня!

Получите современное образование, востребованную профессию и сделайте уверенный шаг к успешному будущему вместе с одним из ведущих технических колледжей Алматы.

📍 Приёмная комиссия работает:
🗓 Понедельник – Пятница
🕘 08:00–18:00
📱 WhatsApp: +7 707 171 0800
☎️ Телефон: +7 727 229 18 32

Ждём вас в ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE! ❤️

05/07/2026

✈️🇹🇷 ТҮРКИЯҒА САПАРЫМЫЗ БАСТАЛДЫ!

13.07 күні студенттерімізбен бірге көптен күткен халықаралық сапарымызға жолға шықтық. Алғашқы бағытымыз – Түркияның көрікті Бурса қаласы.

Бұл сапар студенттеріміз үшін жаңа мәдениетпен танысып, білімдерін толықтырып, тәжірибе алмасуға және ұмытылмас әсер алуға тамаша мүмкіндік.

Алда бізді қызықты экскурсиялар, танымдық кездесулер және жарқын естеліктер күтіп тұр. Сапарымызды бірге бақылап, қолдау білдіріп отырыңыздар!

📍Бурса, Түркия 🇹🇷

✈️🇹🇷 НАШЕ ПУТЕШЕСТВИЕ В ТУРЦИЮ НАЧАЛОСЬ!

13.07 мы вместе со студентами отправились в долгожданную международную поездку. Наш первый пункт назначения — прекрасный город Бурса (Турция).

Это путешествие станет отличной возможностью для студентов познакомиться с новой культурой, расширить свои знания, обменяться опытом и получить незабываемые впечатления.

Впереди нас ждут интересные экскурсии, познавательные встречи и множество ярких моментов. Следите за нашим путешествием!

📍Бурса, Турция 🇹🇷

#Түркия #Бурса СтуденттікСапар МеждународнаяПоездка AlmatyPolytechnicCollege

02/07/2026

🌟 Түлек жетістігі – колледж мақтанышы!

Алмасұлы Ернар – ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE «Бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырушы» мамандығының бітіруші түлегі.

Оқу барысында Ернар өзін жауапкершілігі жоғары, еңбекқор әрі кәсіби дамуға ұмтылатын студент ретінде танытты. Бүгінде ол оқуын өндірістік тәжірибемен ұштастырып, **Thousand** компаниясында **Flutter әзірлеушісі** қызметін атқарып келеді.

Колледж қабырғасында жүрген кезінен бастап кәсіби шеберлік жарыстарына белсенді қатысып, өз білімін тәжірибемен ұштастыра білді. Оның жетістіктері – үздіксіз ізденістің, қажырлы еңбектің және мақсатқа деген табандылықтың нәтижесі.

Ернардың табысына колледж оқытушыларының қолдауы мен сапалы дайындығы да үлкен үлес қосты. Біз оның алдағы уақытта халықаралық деңгейде Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, ІТ саласының дамуына зор үлес қосатынына сенеміз.

👏 Ернарға алдағы кәсіби жолында толағай табыстар мен жаңа белестер тілейміз!

POLYTECHNIC COLLEGE #АПК БағдарламалықҚамтамасызЕту ЖасМаман КолледжТүлегі ҚазақстанIT SuccessStory

02/07/2026

🌟 Түлек жетістігі – колледж мақтанышы!

Колледжіміздің дарынды түлегі Султанов Мағжан Қапезұлы бүгінде әлемге танымал Dahua Technology компаниясында бас маман қызметін табысты атқарып келеді.
Жақында ол өзі еңбек етіп жүрген компанияның қолдауымен колледжде заманауи арнайы тренингтік кабинетінің ашылу салтанатына қатысып ,туған білім ордасына деген құрметтің, жастарға деген жанашырлықтың және кәсіби табыстың жарқын көрінісі. Мағжанның жетістігі – әрбір студент үшін үлкен мотивация. Ол кезінде дәл осы колледждің студенті болса, бүгінде халықаралық компанияда табысты маман атанып, білім ордасының дамуына өз үлесін қосуда.

📚 Құрметті талапкерлер!
Егер сіз де болашағыңызды техникалық мамандықтармен байланыстырып, халықаралық компанияларда жұмыс істейтін білікті маман атануды армандайтын болсаңыз, сізді біздің колледжде білім алуға шақырамыз. Мұнда сіз сапалы білім алып, тәжірибелі ұстаздардан тәлім алып, заманауи материалдық-техникалық базада кәсіби біліктілігіңізді шыңдай аласыз.

👏 Мағжанға, еңбегіңіз еселеніп, кәсіби табыстарыңыз арта берсін!
Біздің колледж – жарқын болашаққа бастар сенімді қадам!

02/07/2026

🏆 Жеңіске жетелейтін еңбек пен табандылық! 💻⚡
Т23-3А тобының студенті Садықжан Азамат – «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберліктің жарқын үлгісі.
✨ Жетістіктері:
🥇 2024 жыл – колледжішілік және қалалық WorldSkills чемпионаттарының І орын иегері атанып, республикалық кезеңге жолдама жеңіп алды.
🏅 2025 жыл – Астана қаласында өткен WorldSkills Kazakhstan-2025 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында «Медальон» иегері атанды.
🚀 Бүгінде Азамат жеткен жетістігімен тоқтап қалмай, алдағы чемпионаттарға тыңғылықты дайындалуда. Ол Cisco, Linux және Windows платформаларында желілік инфрақұрылымды баптау, жүйелік әкімшілендіру, конфигурациялау жұмыстарын орындап, код жазу дағдыларын жетілдіруде. Сонымен қатар, кәсіби деңгейін арттыру мақсатында онлайн симуляторлар арқылы тұрақты түрде тәжірибе жинақтап келеді.
💡 Еңбек, ізденіс және үздіксіз даму – үлкен жетістіктің кілті

02/07/2026

Ақпараттық жүйелер бөлімінің түлегі Сламғали Акимғали Әлібекұлы – Қазақстан Республикасының намысын халықаралық аренада абыроймен қорғап жүрген талантты ММА спортшысы

🥇 2025 жылы, небәрі 18 жасында, әуесқойлар арасындағы 86 кг салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанып, жоғары шеберлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесін көрсетті.

🥈 Сонымен қатар, сол жылы ерлер арасындағы кәсіби лигада II орын иеленіп, өзінің мықты спортшы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Еңбекқорлығы, табандылығы, тәртібі мен жеңіске деген қайсар мінезі оны көптеген жастарға үлгі етеді. Бұл – тек бастамасы ғана. Алда бұдан да биік белестер мен жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенім мол!

Еліміздің абыройын асқақтатып жүрген спортшымызбен мақтанамыз!

#КолледжМақтанышы #СтудентЖетістігі #АзияЧемпионы #ММА #Қазақстан

02/07/2026

Труд, скорость и стремление к победе!⚡
Альханов Алихан — студент 2 курса группы П24-2Д, один из лучших студентов отделения, который активно развивается в сфере FPV-дронов и достойно представляет наш колледж на соревнованиях различного уровня.
🥇 Победитель международного конкурса ALTU KazRoboDrone 2.0 в категории FPV Simulator Racing (Junior).
🥇 Обладатель I места на соревнованиях Energo Cup в дисциплине FPV Simulator Racing.
🥇 Победитель Almaty Drone Championship в категории Simulator DCL (Senior).
🥈 Призёр открытого чемпионата по авиамодельному спорту и дронам в дисциплине «Акробатика».
🥈 Призёр военно-спортивного фестиваля «Беспилотный летательный аппарат».
🥉 Призёр соревнований по авиамодельному спорту и дронам, а также Alem Drone League, где был награждён сертификатом на 50 000 тенге.
🚀 Алихан постоянно совершенствует свои навыки пилотирования, сборки и настройки FPV-дронов, регулярно участвует в соревнованиях и уверенно движется к новым вершинам. Его целеустремлённость, дисциплина и любовь к современным технологиям делают его ярким примером для других студентов.
💡 Упорный труд, постоянное развитие и вера в свои силы — вот что приводит к настоящим победам! 💙

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Address


Тастак 1
Almaty
050061

Opening Hours

Monday 08:00 - 18:00
Tuesday 08:00 - 18:00
Wednesday 08:00 - 18:00
Thursday 08:00 - 18:00
Friday 08:00 - 18:00