Salli&Style
Құрбан айт құтты болғай.
Қасиетті мейрам күндері әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілеймін. Осы мерекедегі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Шаңырақтарыңыз құт-береке мен төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын! Жаратқан иеміз баршаңызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық нәсіп етсін!
05/07/2021
Менің тылсым дүнием.( жағаларыңды ұстап отырыңдар)
3 бөлім.
Айнұр Әбдірасілқызын Алла маған жолықтырды.
Жылап отырған күнімде, мен оны көрдім.
Оны тыңдап Қари, Имам кісі іздеп бастадым. Диагоназдары бәрі келіп тұр.
Таптым. Алдымен өзім баруға қорықтым. Себебі, қатты қорқақ болып кеттім.
Қызымды жібердім. Бір екі аптадан кейін қызымның жақсы болғанын, мінезі баяғы қарапайымдылығы қайтып келгенін көргенде барып, мен барамын деп шештім.
Бойымдағы бәрінен арылғым келді.
Бардым. Үш бөлмеге адам толды. Әрине ара қашықтық бар. Араларымыз 1,5 метрден.
⠀
Тұрсынбек Қабатовтың ауылының театрына келген емшілері туралы анектот есіме түсіп кетті. Құран оқып бастағаннан бірі жылап, бірі айқайлап, бірі орнынан тұрып кетіп жатыр. Жанымызда бір қыз тіптен бұратылып жатыр, денесі дір дір етед. Беті көгерген, ұрып тастағанғой дим. Бірақ әп әдемі қыз. Тырнақтары әдемі маникюр.
Сырттай қарап отырып:- мына қызды әртістікке, образға кіруге жалдаған ба, қанша төледі екен деп қоямын. Қызыма қарап Тұрсынбектің анектотын есіне салып, күліп алдық.
Құран оқылып болған соң, біртіндеп тамақтарын ұстап қысқа аяттар оқиды. Алдындағы адам неше түрлі қылық жасайды. Мен тағы күлдім. Тамақтан буындырса тұншығып дірілдемей, айқайламай қайтеді деп.
Кезек маған келді.
Не болғанын айтқымда келмейді шынын айтсам. Бірақ айту керек. Тамағыма бармағын тигізгенін білемін, вроде сознаниядамын, құлап бара жатқанымды білемін, неғып жатырмын мына кісіден ұят болдығой, орамалым шешіліп кеттіғой деп ойлағанымша болмады, көзімді ашсам жерде жатырмын, қызым қасыма жетіп келіпті. Мені көріп қорқып кеткенғой.
-Не болды дей берем, ештеңе түсінбей қалдым. Қызым үндемеді жүр тұр дей береді. Ал мен :- мені әлі қараған жоқ, миым айналып, басым кашка боп кеттім дей берем, имам маған қарамады деп әлі ренжіп тұрмын.
Ол басқа адамды қарап кетті.
Ненің не екенін түсінбей сыртқа шықтым. Сыртқа шығып ес жиған соң қызым:- елге әртіс деп отырып, өзің нағыз әртіс болып сректакл құрдың дейді. Сөйтсем буын буыным дірілдеп, жатып алып судоргам ұстағам.
Жалғасы бар...
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Almaty