Ana Tili
25/07/2025
Қазақстанда ұлттық әдебиетті насихаттауға бағытталған маңызды мәдени бастама – «Қазақстан әдебиетіндегі таңдаулы 100 кітап» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, бұл жоба тек үздік жүз кітаптың тізімін жасауға емес, сондай-ақ ел азаматтарын әдеби мұрамызды кеңінен талқылауға, оқуға және бағалауға тартуға бағытталған. Жоба нәтижесінде әр отбасы өз кітап сөресін ұлттық руханияттың шынайы айнасына айналдырып, әдеби талқылау мәдениетінің дамуына үлес қоса алады. Бұл бастама – жаңа буын оқырманын тәрбиелеуге, баспа саласына серпін беруге бағытталған ауқымды шара. Осы орайда газетіміздің өткен санында Ұлттық кітапхана ұсынған 100 кітап бойынша түрлі саланың маманынан пікір алған едік.
28/09/2024
Соның бірі – Тіл туралы заңның қабылдануы. Құрамында 26 адамы бар комиссия құрылды. Колбин «Қане, жолдастар! Не істейміз, қалай шешеміз?» дегенде бір ақсақал академик солқылдақтық танытып, «Қазақстанда орыс тілі қазақ тілімен қатар, мемлекеттік тіл болуы керек» деген пікір айтып қалады. Айтуын айтқанымен, өзіне-өзі сенімсіз, дұрыс айттым ба, бұрыс айттым ба деп жалтақтаған күйде болды. Колбин Тіл білімі институты директорына мойнын бұрып, «Қайдаров жолдас, сіз қалай ойлайсыз? Қазақ КСР-інде мемлекеттік тіл қай тіл болуы керек?» деп сауал қойды. Әбекең «Алла өзі берген жанын өзі алады, жалтақтамай шындықты айтуым керек» деген принциппен «Қазақстанда мемлекеттік тіл дүбәрә екі тіл болмауы қажет, тек қана бір тіл, яғни тек қазақ тілі болуға тиіс» деп төбеден найзағай ойнатқандай пікірін айтты. Колбин не істерін білмей отырып қалады. Комиссия құрамындағы 26 адамның барлығы үн-түнсіз. Әбекең үйіне келген соң бәйбішесіне: «Әй, осы ертең мені орнымнан алып тастайды-ау», – депті. Жұбайы Шекер Исақызы: «Ой, Әбеке, бізге сенің бар болғаның, денсаулығың керек. Қызмет деген қолдың кірі емес пе, оны уайымдама», – деген екен. Сонымен, Әбдуәли Қайдаров ертеңіне жұмысқа келіп: «Енді мені алып тастайды ғой» деп үстелінің үстін тазалап, кетуге дайындалып отырады. Жалпы, Әбекең табиғатынан өте сабырлы, қаһарман адам, ештеңеден айылын жимайды. Сол сәттің өзінде «алса, ала берсін, халқымның алдында менің арым таза» деген асқақ оймен қызметінен кетуге ыңғайланған. Бірақ ол күні де, ертесіне де, ол аптада да ешкім келмейді, ол кісіні ешкім орнынан алмайды. Бұл Колбиннің, биліктің қазақ тілінің қазақ жерінде басым болуының міндетті екенін мойындағанының дәлелі болып шықты. Тіл мәселесінде бұл сөз Әбдуәли Қайдаровтың ғана емес, бүкіл қазақтың жеңісіне айналды.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ БІРЕУ ҒАНА – ҚАЗАҚ ТІЛІ Элеонора Әзіржан, «Ana tili» «Біздің елде мемлекеттік тіл біреу ғана – қазақ тілі». Академик Әбдуәли Қайдардың осы сөзі қазақ тілінің болашағын а...
27/09/2024
Ғарифолла Әнес – сол ғасырдан ұзақ аманатты жан-жүрегімен түсінген, аманатқа адал болуға ұмтылған санаулы ғалымдарының бірі. Олай дейтініміз, «Өлімі жылаусыз, құны сұраусыз кеткен» талай бабаларымыздың еңбегін тасқа басты, есімін елі ұмытпайтындай етіп еңбек сіңірді. «Шерлі шежіре. ХХ ғасырдың бірінші жартысында жарық көрген қазақ газет-журналдары» мегажобасы аясында ХХ ғасыр басындағы ұлттың сөзін айтқан «Қазақ», «Айқап», «Сарыарқа» басылымдарын төте жазудан кирилл қарпіне аударып, қалың оқырманға ұсынды. Зұлмат заманның тарихи-құжаттық келбетін де кітап қылып қаттады.
АМАНАТҚА АДАЛДЫҒЫН САҚТАҒАН Қазақ ғылымы білімі терең, еңбегі ерен зерттеушісінен айырылды. «Ана тілі» газетінің қоғамдық негіздегі кеңесшісі, филология ғылымының докторы, профессор, &la...
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Абылай хан, 58 А
Almaty
Opening Hours
| Monday | 10:00 - 18:00 |
| Tuesday | 10:00 - 18:00 |
| Wednesday | 10:00 - 18:00 |
| Thursday | 10:00 - 18:00 |
| Friday | 10:00 - 18:00 |