Amanzhol Rysmendiyev International

Amanzhol Rysmendiyev International

Share

08/03/2023

Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілеймін!
Мерекелік көңілдеріңіз көтеріңкі болуы үшін, ойымды Жүрсін Ерман ағамыздың өлеңімен аяқтайын!

Қай жерде, мейлі, қай елде,
Әлемнің мәні - әйелде.
Мықтымын десең ойыңды,
Әйелге барып дәлелде.

Әйелсіз айтпан әнді мен,
Әйелмен дәмді әңгімем.
Сүйкімді болсаң шынымен,
Әйелің сүйсін алдымен.

Әйелге мәлім көп сырың,
Сүрінсең - әйел деп сүрін.
Халыққа сыйлы болмайсың,
Әйелге болсаң жексұрын.

Әйелсіз қонды бақ қашан,
Әйел деп түстік отқа сан.
Әлемнің тілін таппайсың,
Әйелдің тілін таппасаң!

Болмасын әйел назалы,
Болмасын әйел жазалы.
Кеудесін қаққан талайдың,
Әйелден болған ажалы!

Әйелден ыстық от бар ма?
Әйел деп түстік көкпарға.
Қарғағың келсе біреуді,
Әйелің өлсін деп қарға.

Әйелмен құның өлшенер,
Құдайдан кейін сол - шебер.
Бақытты сен де болмайсың,
Әйелің сорлы болса егер.

Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Адамның күні - Әйелмен,
Әйелдер мәңгі жасасын!

25/02/2023

Мына фотаға қандай философиялық ат қоятын едіңіздер?

17/02/2023

Тұлпардың күші тұяғында емес, батырдың күші білегінде емес!
Екеуініңде күші жүрегінде!
Яғни, өр рухында, жасымас жігерінде! Заманауи тілмен айтсам, энергиясында, мотвациясында!

Ал, сіз ішкі мотивацияға қаншалықты көңіл бөліп жүрсіз?
Қалай оятып, қалай жандырып жүрсіз?

16/02/2023

Аманжол неге депутат болмайсыз?

Негізі ұсыныс жасамады емес, жасаған… Баяғы Нұр- отан, қазіргі Аманат партиясынан…
2018-2020 жылдары, Нұр-Отан партиясының Алматы қаласы бойынша белсенді өкілі болып, меценаттық істермен айналысып, қаланың дамуына біраз үлес қостым! Сол кезде де Маслихат, сосын Парламент депутаты болуға болар еді! Ұсыныста жасалды. Бірақ, бас тарттым!
Неге?
1. Адам қоғамға пайдалы болуы керек. Депутат Аманжолдан қарағанда, кәсіпкер, бизнес-тренер, жазушы Аманжолдың пайдасы көп!😂

2. Мен еркіндікті жақсы көретін шығармашыл адаммын.. өзіме өзім би, өзім қожа болғым келеді.

3. Қазір өзгерген шығар… бірақ, бақ таласы мен тақ таласы өршіген, шындық пен ақиқат екінші орынға түсіп кеткен саясат ойыны жаныма жақпайды. (15-20 жылдай айтыс немесе тренинг сахнасында ақты ақ, қараны қара деп ойды ашық айтып үйреніп кеткенмін!

4. Ал, елге пайдалы болу үшін не әкім, не депутат болуымыз міндетті емес! Жай ғана, өзіңе ұнайтын істі барынша сапалы жасап, заман көшінен қалмай үздіксіз дамып, мемлекетке қол жаймай өз отбасыңды өзің бағып, заң бұзбай, төлейтін салығыңды төлеп отырсаң болғаны. Сол уақытта, арман болған атақ та, байлық та, абырой да өзі келеді!

01/02/2023

Аллаға шүкір, осы уақыттқа дейін әлемнің 30 дан көп мемлекетінде болыппын.

Шет елде көп жүргендіктен ел десе, қазақ десе жүрегіміз бұрып тұрады! Елдің іші болсын, шет ел болсын бір қазақ кәсіп қылып бір нәрсе істесе қолдамасам, жамандық істеген емеспін.

Бірақ, өзіне көп алды ма, жоқ әлде бұл біздің аузы сасық көп қазақтың бірі ғой деді ме, білмеймін, бірақ Дубайда енді кәсібін бастаған бір дәмхана көңілімді қатты қалдырды…

Қазақ десе өзіңе тиеді ғой… Десе де, Дубайдағы, Марина ауданында Аlmaty “Almaty” мейрамханасы🇰🇿🇦🇪] атымен ашылған дәмханаға қуанып барғанмын 3 күн бұрын. Кем кетік өте көп, десе де қазағым ғой деп жарнамаладым…(оны өздеріңіз көрдіңіздер). Одан кейін тағы бір рет тамақ ішіп кеттік.
Бірақ, бүгін маскалары шешілді…😩😩😩

Өкінішті… 20 минутта алып келемін деген асты, 55 минутта алып келіп, кешіктіргендері үшін ұрсып едім, админі “бұл сенің талап ететін Қазақстаның емес! Қайда кетсең сонда кет!” деп қуып шықты!

Мен білетін ресторандар бұндай жағдайда кешірім сұрайтын еді!
Түсінбедім, бұлардың Дубайда бір дәмхана аштым деп өзінше болғаны ма, жоқ әлде қазақты қазақ қой деп менсінбегені ме?!

Ұзын сөздің қысқасы, баратын жер емес!
Атын да әдемі “Almaty” “Almaty” мейрамханасы🇰🇿🇦🇪] деп қойған соң, Дубайдың төрінде ашылған соң соған сай болмай ма?
Елдің іші болса мейлі, шет ел болған соң не ашса да ол біздің қазақтың бет-бейнесі, имиджі емес пе? Ұят ай!

“Өзің ашып ал, содан кейін әңгіме айт!” дейтіндерге айтарым, Алла қаласа ашамыз, шет мемлекетте не ашсақта, қазақтың абыройын түсірмейтіндей қылып ашамыз!

Іштегілер түсінбес, бірақ сыртта жүрген әр қайсымызға қарап Қазақстаның бет-бейнесі танылады!
Бір бірімізге қарап ұялатын емес, мақтанатын қазаққа айналайық!!!

16/01/2023

Бәлкім, сені танымаймын, көрмегем,
Жан деп білем сыйласқанға төр берер.
Мақсатың бар, сезем, достым, ішімнен,
Күдігіне көңіліңнің көнбеген.
Қызықтырып жүрген шығар сені де,
Өр тұлғалар өз ісінде өрлеген!

Сенем саған, әлі-ақ асу аларсың,
Ұмтылғанның ұтылғанын көрмеп ем.
Жайлап-жайлап жеңістерге жетерсің,
Баспалдақтан бастау алар төр деген!

Қариясың, мүмкін, жассың, баласың, Жасыратын жалқаулығын, шала ісін.
Өмірдің бұл өткелдері қызық қой,
Кей сәттерде қайғы астында қаларсың.
Сенем саған, өзгерерсің, өсерсің,
Жүрегіңде жалындатар бар асыл.
Аллам саған қуат берген, күш берген,
Қажымасаң қалауыңды аласың.

Want your business to be the top-listed Business in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Telephone

Address


Almaty
050000