Arest

Arest

Share

16/10/2022
22/09/2022

ПП Фрикадельки/ПП Тефтели для сытного обеда и ужина на каждый день/ ПП сиыр етінен тефтели/ диетические тефтели/

Сиыр фаршы 120гр.
Пияз 2 дана
Күріш 80гр.
Сәбіз 1 дана.
Қызанақ 1 дана
Жұмыртқа 1 дана

Ең алдымен фарштың үстіне жұмыртқаны, 1 пиязды үткіштен өткіземіз де дәміне қарай тұз, бұрыш, және күрішті сәл ғана жартылай пісіріп аламызда бәрін бірге араластырамыз. Сосын шарик тәрізді қылып формаға саламыз. Енді біз подлив дайындаймыз. Табаны отқа қойып қыздырамыз үстіне 1 қасық зәйтүн май құйып пиязды, қызанақты қуыра бастаймыз үстіне үткіштен өткізіп сәбізді салып тұз қосамыз. Қуырылғансоң қайнаған су құйып газдың астын басамыз. Піскен подливті фаштың үстіне құйып 180 градусқа 35-40 минутқа пешке қоямыз. Тамағымыз дайын.
Ас болсын!

22/09/2022

ПП цезарь с курицей/ ПП салат Айсберг/ ПП рецепт/ диетический рецепт/ салат без майонеза/ диеталық салат

Құрамы:
Айсберг 200гр.
Жұмыртқа 1 дана
Тауық еті 60 гр.
Қызанақ (черри) 100 гр.
Сыр 30гр.

Қаймақ %аз 1 қасық
Сарымсақ 1 тіс

Ең алдымен айсбергті қолымызбен үзіп ыдысқа саламыз және үстіне қызанақты турап саламыз дәміне қарай тұз қосамыз және қаймақтың үстіне сарымсағымызды үткіштен өткіземізде барлығын бірге араластырамызда тәрелкеге саламыз. Жұмыртқаны төртке бөліп жан-жағына қоямыз және тауық етінде дәл солай қойып шығамыз. Ең соңында сырды үткіштен өткізіп бетіне себеміз. Салат дайын.

Ас болсын!

Want your business to be the top-listed Finance Company in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Telephone

Website

Address


мкр Жулдыз
Almaty
050000