askar.aidabolov
22/10/2022
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Бүгін, соңғы күндері болып жатқан тіл шуына қатысты пікірім. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ- демекші, ақты ақ, қараны қара деу керек. Мухарияпов мырзаның қазақ тіліне сөз тигізгеніне, көпшілік блогер, блогерсымақтар шу ете қалды. Мен бұл кәсіпкерді жақтамайм, сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ, сөзден қателісіпті, кешірім де сұрап жатыр.
Бірақ, тырнақ астынан кір іздейтін заман болды ғой, бізде басқа проблема жоқ сияқты. Елімізде проблемалар жеткілікті, ол елдің әлеуметтік әлауқаты, жемқорлық, жұмыссыздық т.б. Бір жынға тиетіні сол блогерлердің өздері тілді құрметтесе, неге ана тілінде блогтарын жүргізбейді, басты мәселелерді көтермейді? Әйтеуір жығылғанға таяқ болуға мастерлер. Жарайды, миллиондаған адам қолданатын қосымшасын өшіріп тастадық, сонда не болды? Басқа елдің Glovo, Wolt т.б сияқты біздің мемлекеттік қазынаға кірісі жоқ компанияларды қолдайық онда, бұл бір жас баланың әңгімесі ғой. Оданша сол қосымшаларға кіріп төмен баға қойып жазба пікір қалдырайық, сонда мүмкін дұрыс жағына өзгеріп, ұлттық тілге мән беретін шығар?
Тағы айтарым, болмайтын іспен айналыспай, кінәні жеке адамдардан іздемей проблеманың түп тамырын іздейік, соны қолға алайық. Менің ойымша тілдің проблемасы сонау 30 жылдан бері келе жатқан ұлттық идеалогияда, және қалай болсада көршілерге тәуелді екендігімізде. Ол ақпарат құралдары, YouTube, мектеп программалары, т.б. Қазір үйдегі кішкентай балларға қазақша сөйлесең, саған орысша жауап береді, солай емес пе? Сонда бұл мәдениетсіздік пе? Әрқайсыңыз осыған жауап беріңізші. Менімше ұлтжандылық, отан сүйгіштік және салт-дәстүр тілге ғана байланысты емес, тіл адамдардың қарым-қатынасы, бір-бірін түсіну құралы. Орыс тілінде сөйлеген патриоттар жоқ па сонда елімізде? Ал, ұлттық тілдің мәртебесін көтеру біріншіден жоғарыдағы идеологтарға, одан кейін сізбен, бізге байланысты.
Президентіміз айтты ғой қазақ тілімізді саясаттандырмаңдар деп, бірақ кейбір блогер, қоғамшылдардың іс-әрекеті шовинизм мен нацизмге ұқсап келеді, бұл өте қауіпті.
Ұлтжандылықты, отан сүйгіштікті нацизм мен шовинизмге аударып алмайық ағайын.☝️
Бұл пост аудармасысыз, қазақ тілді аудиторияға арналған.🇰🇿
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Culinary Team
Attire
Website
Address
Almaty