AGP

AGP

Share

Photos from AGP's post 08/07/2026

Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін, «Азиялық Газқұбыры» ЖШС «Қазақстан – Қытай» халықаралық магистральды газқұбырының қорғаныш оқшаулағыш жабынын жоспарлы түрде қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Бүгінгі таңда, компания мамандары 48-ден астам ақауды жойды.

Жұмыстар газ құбырының барлық үш желісінде – «Шымкент» ГТБ, «Тараз» ГТБ және «Алматы» ГТБ жауапкершілік аймақтарында қатар жүргізілуде.

Қорғаныш жабыны құбырдың коррозияға ұшырауын болдырмай, оның қызмет ету мерзімін ұзартады және қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Барлық жұмыстар компанияның өз күшімен өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарын сақтай отырып орындалуда.

Жоспарлы жөндеу науқаны «Қазақстан – Қытай» халықаралық магистральды газқұбырының сенімді жұмысын қолдауға және табиғи газдың тұрақты тасымалдануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

*****

После завершения отопительного сезона ТОО «Азиатский Газопровод» приступило к плановому восстановлению защитного изоляционного покрытия международного магистрального газопровода «Казахстан – Китай». На сегодняшний день специалисты компании уже устранили более 48 дефектов.

Работы одновременно ведутся на всех трех нитках газопровода в зоне ответственности УТГ «Шымкент», УТГ «Тараз» и УТГ «Алматы».

Защитное покрытие предотвращает коррозию, продлевает срок службы трубопровода и обеспечивает его безопасную эксплуатацию. Все работы выполняются собственными силами компании с соблюдением требований промышленной безопасности и охраны труда.

Плановая ремонтная кампания позволяет поддерживать надежную работу международного газопровода «Казахстан – Китай» и обеспечивать стабильную транспортировку природного газа.

23/06/2026

«Азиялық Газқұбыры» ЖШС құрамасы 11 құрама арасында жалпыкомандалық есепте 2-орынға ие болып, «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобының Жазғы спартакиадасында жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Команданың мұндай жоғары нәтижеге қол жеткізуі АГП спортшыларының жекелей және командалық сайыстарда көрсеткен үздік дайындығы мен жеңіске деген ұмтылысының арқасында жүзеге асты.

Спартакиада чемпиондары:

Төкен Мөлдір — әйелдер арасында садақ ату;
Олжабек Әділет — ерлер арасында 80 кг-нан жоғары салмақ дәрежесіндегі армрестлинг;
Мұхтар Сания — бес асық;
Алкеева Аида — 30–34 жас аралығындағы әйелдер арасында жүзу;
Искандирова Айгуль — 50 жас және одан жоғары әйелдер арасында жүзу;
Қожақұл Азамат — 30–34 жас аралығындағы ерлер арасында жүзу;
Андахов Марат — 35–39 жас аралығындағы ерлер арасында жүзу;
Есімбек Бауыржан — 45–49 жас аралығындағы ерлер арасында жүзу.

Командалық жарыстарда алтын медаль иеленген құрамалар:

АГП киберспорт құрамасы;
АГП жеңіл атлетика эстафетасы құрамасы;
АГП жүзу эстафетасы құрамасы;
АГП арқан тарту құрамасы;
АГП ерлер волейбол құрамасы.

Want your business to be the top-listed Engineering Company in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Telephone

Address


Республика Казахстан, г. Алматы, проспект Абая 109в, МФК «Глобус»
Almaty
050008

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30