Otbasibankk
12/07/2022
"Әскери баспана" 6/50 туралы сөйлесейік?
6/50 деген не? 8/15 бағдарламасынан қандай айырмашылығы бар?
⠀Ал өтінім беріп үлгермеген тұрғын үй төлемдерін алушылар қалай баспаналы бола алады?
⠀Егер депозитіңізде бастапқы жарна, яғни 50% бар болса - өтінім беріп ешқандай конкурсқа қатысудың да, күтудің де қажеті жоқ.
⠀Бірден Əскери Баспана бағдарламасының 6-50 қағидаты бойынша баспаналы болуға болады. Ал несие мөлшерлемеңіз 8% ЕМЕС, жылдық 6% болады. Демек
болашақтағы артық төлеміңіз де əлде қайда аз болады.
⠀Қатысу талаптары:
⠀- Тұрғын үй төлемдерін алушы болу
- Депозитте несие сомасының 50% - ы болуы тиіс
- Тұрғын үй тауып, банкке құжаттармен келу.
⠀
Қандай баспана сатып алуға болады?
⠀- Алғашқы / қайталама нарықтағы тұрғын үй
- Үлестік қатысу шарты бойынша тұрғын үй
- Тұрғын үй құрылысы (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда)
⠀
НЕГІЗГІ ШАРТТАР:
⠀- Бастапқы жарна - 50%
- Сыйақы мөлшерлемесі - 6% (СЖТМ 6,2% - дан бастап), келесі 3,5%- дан 5%- ға дейінгі тұрғын үй заемына ауысу мүмкіндігі қарастырылған. - Несие сомасы - 100 000 000 теңгеге дейін.
- Несиелеу мерзімі - 25 жылға дейін.
⠀Мақсаттарыңыздың тезірек орындалуын тілейміз!
Сіздің Отбасы банкіңіз!
12/07/2022
Керемет жаңалықтар!
2022 жылдың 15 шілдесінен бастап, біздің банктің қызметтері бойынша комиссиялардың мөлшері өзгереді.📉
✅Ипотеканы видеобанкинг арқылы ОНЛАЙН ресімдеген кезде несиелік өтінімді қарастыру 0 теңгені құрайды;
✅Видеобанкинг арқылы ОНЛАЙН ресімделген аралық заем беруді ұйымдастыру қарыз сомасының небәрі 0.25% - ын құрайды. (мин. 15 000 теңге, макс. 100 000 теңге)
Ипотеканы онлайн рәсімдеудің тағы бір артықшылығы - Сізбен бірге жеке менеджеріңіз болады, ол Сізге несие өтінімін беруден бастап, көптен армандаған тұрғын үйді алуға дейін байланыста болады!
Отбасы банкіндегі Онлайн ипотекамен тұрғын үй сатып алу тіпті жеңіл болды!
14/06/2022
Құрметті қарағандылықтар, жастарға арналған көптен күткен тұрғын үй бағдарламасы енді сіздің қалаңызда🥳
Жаңа жоба: мұғалімдерге, дәрігерлерге, мейірбикелерге, мәдениет қызметкерлеріне, спортшыларға, жаттықтырушыларға, журналистерге, университет оқытушыларына, ғылыми және әлеуметтік қызметкерлерге жеке баспана алу үшін жеңілдетілген заем алуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама бойынша үміткер жасы 35-тен аспауы керек.
Бағдарламаға қатысушылардың таңдаған саладағы ресми жұмыс өтілі, өтініш берген кезде, соңғы бір жылдан кем болмауы тиіс. Табысы да есепке алынады. Отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 6 ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспауы керек (1 КМ – 37 389 теңге). Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы шарт.
✨Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау 13 маусымда басталып, 24 маусым күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
Өтінім беру үшін үміткерлер Н.Назарбаев даңғ. 39, «Open Qarağandy» кеңсесі мекенжайына жолығулары қажет.
Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін, мемлекеттік және қоғамдық өкілдер мен депутаттардан құралған комиссия мүшелері қатысушыларды іріктеп, тізімді Отбасы банкіне жолдайды. Банкте үміткер төлем қабілеттілігін тексеріп, нарықтан пәтер табуы қажет.
Баспананы Қарағанды қаласында орналасқан алғашқы немесе екінші нарықтан және «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігімен салынып жатқан қала нысандарынан сатып алуға болады.
🔶Тұрғын үй сатып алуға Отбасы банк 20 млн теңгеге дейін заем береді (егер мүліктің құны 20 млн теңгеден асатын болса, сатып алушы айырмашылықты өз қаражаты есебінен төлей алады);
🔶Бастапқы жарна – 10;
🔶Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%);
🔶Несиенің төлем мерзімі – 19 жылға дейін.
Бүгінде Қарағанды облысының әрбір оныншы тұрғыны баспана алу мақсатымен Отбасы банкінде депозит жинап жатыр. Банктегі салымшылар саны бойынша өңір Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе облыстарынан кейін төртінші орында тұр.
Мұнда жастарға арналған жаңа бағдарламамен қатар Отбасы банкінің жеке бағдарламалары, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары жұмыс істейді.
Жастарға арналған бағдарламалар алдағы уақытта еліміздің басқа қалаларында да ашылады. Сол себепті қазірден бастап депозит ашып,қамданайық
Депозит ашу үшін келесі нөмірге хабарласыңыз 8 705 223 80 23
08/05/2022
Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға қалай өтінім беруге болады?
Субсидия алуға үміткер депозиті бар, Отбасы банк клиенті болуы тиіс және otbasybank.kz порталында тіркелген болу керек.
Ал жинақ шоты жоқ азаматтар, депозитті ашу үшін келесі нөмірге хабарлассаңыз болады
8 705 223 80 23 -Асель
Ол үшін:
1. otbasybank.kz порталындағы субсидия бөлімінде төлемдерді алу туралы өтінішке қол қояды және жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.
Құжаттарға қол қойылғаннан кейін жүйе деректерді өңдеп, отбасының құрамын анықтайды. Содан кейін кәмелеттік жасқа толған әрбір отбасы мүшесі otbasybank.kz сайтында «қонақ» ретінде тіркеліп, ЭЦҚ арқылы жеке деректерді жинау және өңдеу келісіміне қол қоюы керек. Осыдан кейін жүйе деректерді қайтадан тексеріп, өтініш берушіге субсидия алуға келісім береді немесе себебін түсіндіріп, өтінішін кері қайтарады. (Өтініш мәртебесін WhatsApp – 8705 925 1301 немесе Телеграмда Quanysh_bot арқылы тексеруге болады)
2. Егер өтініш мақұлданса, хабарламада жалға алу аймағы, пәтер ауданы, жалдау ақысының максималды мөлшері мен қатысушыға тиесілі ең жоғары субсидия көлемі көрсетіледі.
3. Осыдан кейін «Пәтер иесі туралы деректер» бөлімінде өтініш беруші жалға берушінің ЖСН немесе БСН көрсетуі керек және осы сәттен бастап процесс жалға алынатын тұрғын үйдің иесі қосылатын екінші кезеңге өтеді.
4. Баспананы жалға беруші де otbasybank.kz сайтында ЭЦҚ арқылы тіркеліп, «Жалға алу ақысын субсидиялау» бөлімінде жеке деректерді жинау және өңдеу туралы өтінішке қол қойып, жалға берілетін пәтердің кадастрлық нөмірін және қаражат аударылатын 20 сандық шотты көрсетуі керек.
5. Осыдан кейін жүйе жалдау шартын және төлем кестесін жасап шығады, оған тараптар ЭЦҚ арқылы қол қояды.
6. Субсидия алуға өтініш беруші жалдау шартын тіркегені үшін мемлекеттік баж төлейді. Содан кейін оның жеке кабинетінде төлем кестесі бар жалдау шарты пайда болады.
Барлық өтінімдер мен құжаттар Онлайн режимінде жолданады және қол қойылады. Қажет болған жағдайда Отбасы банкінің кеңес беру орталықтарына жүгінуге болады.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Almaty