ORDA

ORDA

Share

28/05/2026

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қос мемлекеттің Мәңгілік достық аллеясына емен ағашын отырғызды. Рәсім барысында Тоқаев бұл қадамды «игі іс» деп бағалады.

28 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында екі ел басшыларының келіссөздері өтті. Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің барлық саладағы ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа, соның ішінде халықтар достығының жеті негізі туралы шартқа қол қойылды.

Бұдан бөлек, президенттер V Еуразиялық экономикалық форумға қатысады. Биылғы жиын жасанды интеллект (ЖИ) саласына арналған. Форум аясында ЕАЭО елдерінде ЖИ-ді кеңінен енгізу туралы бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған.

28/05/2026

Алматыда 3 адамның өмірін қиған апатқа қатысты сотта сол апат қаза тапқан Құмар Теңілбаеваның отбасының заңгері Мейірман Шекеев 100 млн теңге моральдық шығын талап етеді.

Қорғаушы адам өмірін экологиялық заңнамамен салыстыра отырып, Қызыл кітапқа енген бақбақты жұлғаны үшін 13 миллион теңге айыппұл қарастырылғанын, ал адам өмірі одан әлдеқайда қымбат екенін алға тартты.

Сондай-ақ, ол мас күйде рөлге отыруды абайсызда жасалған қылмысқа жатқызуға қарсылық білдірді. Адвокаттың пікірінше, қанша адам көз жұмса да, ең жоғары жазаның 10 жылмен шектелуі және оны жатақхана сипатты қоныс аудару колониясында өтеу – үлкен әділетсіздік.

Еске салсақ, мас күйдегі Александр Пак Zeekr көлігімен 219 км/сағ жылдамдықпен қарсы бетке шығып, 3 адамды мерт қылған еді.

28/05/2026

Алматыда үш адамның өмірін қиған ірі жол апатына қатысты сот басталды. Айыпталушы – 32 жастағы кәсіпкер Александр Пак кінәсін толық мойындап, марқұмдардың жақындарынан жылап кешірім сұрады. Сот залына балдақпен келген ол заңда көрсетілген кез келген жазаны өтеуге дайын екенін жеткізді.

Прокурордың сөзінше, қайғылы оқиға 21 наурызда болған. Жеңіл дәрежеде мас болған (1,30 промилле) Пак жалған нөмір тағылған Zeekr электрокарымен 219 км/сағ жылдамдықпен қарсы бетке шығып, Mercedes-Benz 300C көлігімен бетпе-бет соғылған.

Соққыдан «Мерседестің» 30 жастағы жүргізушісі мен 2003 және 2005 жылғы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы (мас күйде көлік жүргізіп, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу) бойынша қаралып жатыр.

28/05/2026

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанда орыс тілінің кең ауқымда қолданылуы өте маңызды екенін атап өтті. Путиннің сөзінше, бұл орыс тілінің қоғамдық өмірдің түрлі салаларында белсенді пайдаланылуына Қазақстан басшылығы тарапынан да үнемі қолдау көрсетіліп отыр.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның жаңа Конституциясында орыс тілінің ресми мәртебесі нақты бекітіліп, сақталғанын ерекше еске салып өтті.

28/05/2026

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында Жангелдин ауылындағы атышулы іс бойынша сот отырысы жалғасты. Айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиев кінәсін ішінара мойындады.

Ол Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтіргенін жоққа шығарып, мұны өзін-өзі қорғау кезіндегі абайсыздық деп түсіндірді. Алайда қалған үш құрбанды әдейі өлтіргенін растады. Сотталушы Мақсот Қарабалинге – 9, Өтешқалиеваға – 8, Наурыз Мұқанғалиевге – 10, ал Мейрамгүл Қарабалинаға 32 рет пышақ сұққанын ашық айтты.

Сондай-ақ, ол қылмыс ізін жасыру мақсатында ұрлық жасап, құжаттарды жымқырғанын және алаяқтыққа барғанын да жасырмады. Осылайша, Сәрсемалиев өзіне тағылған 13 айыптың тек біреуімен ғана келіспей отыр.

Еске салсақ, Атырауды дүр сілкіндірген бұл жантүршігерлік оқиғада айыпталушының бұрынғы әйелінің туыстары қатыгездікпен өлтірілген еді.

27/05/2026

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен ұшып келді. Елорда әуежайында Путинді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды. Қарсы алу рәсімі Ақорданың ресми желілерінде тікелей эфирде көрсетілді.

27-29 мамыр күндеріне жоспарланған сапар барысында басшылар стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, 28 мамырда ЕАЭО елдері басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум, ал 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді.

Сапар қарсаңында Путиннің қазақстандық басылымда мақаласы жарық көріп, онда екі елдің ортақ тарихы мен берік достығына екпін жасалған еді. Еске салсақ, 2025 жылдың қарашасында қос басшы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеру туралы декларацияға қол қойған болатын.

Want your business to be the top-listed Media Company in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Telephone

Address


Almaty