QALAMGER.KZ
28/04/2026
Кіммен не туралы сөйлесіп жатқанын білгім келіп, құлақ тосамын. Бәрібір арақашықтығымыз аса жақын емес. Шала-жансар құлағымның кеңістіктен қаққаны ол Гауһар есімді бір қызбен сөйлеседі.
- Гауһар! Сен неге айтқан тілді алмайсың. Мен саған дайындаған тамақты ішпепсің. Ол аздай жұқалтаң киініп алғаның мынау. Суықтап қалсаң қайтесің?! Ауырып қалсаң ұрысатынымды білесің ғой!
Мен бұл әжейдің психологиялық ауытқуын байқасам да, туа бітті Тәңірден түскен дүние емес екенін әу бастан-ақ сездім. Жаны жараланған бейбақтың бірі болар деген ішкі ойымның шындығы басым түсті. Талантты әншілердің үні таспаланған пластинкалар толы залдың ішінде, есі ауысқан бір кейуана көзге көрінбейтін елеспен дауласып отырғаны мен үшін таңқаларлық оқиға, әрине.
Өнер бөліміндегі әріптестерімнен әжей туралы ақпарат жинай бастадым. Олардың айтуынша, әжей жас күнінде балерина болыпты. Өнер десе өлермен жан болғаны айдан анық. Қалыпқа құйғандай пошымы мен бояуы қанық реңінен өнерге құштар жан болғанын барлау қиынға соқпайды. Ерінін нарттай қызыл түске бояп, француздарша телпегін басына басып киіп отырады.
БАЛЕРИНА әңгіме
10/04/2026
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы табысталды
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Akmola