Altay

Altay

Share

15/07/2023

Дидар Өміржан

Дидармен 2021 жылы Спартаның “Мирный войн” тренингін бірге өткенбіз. Тренингтің бірінші күні өзінің талпынысымен көзге түсті. Содан бері екі жылға жуыр уақытта сол тренингті бірге өткен жігіттердің біразымен жақын араласып кеттік.
Жалпы, кез келген сондай жиындарды алатын теориялық/практикалық біліммен қатар таныс адамдардың санын арттыру, яғни нетворкиң жасау өте маңызды.

Қазір Дидар республикалық деңгейде форумдарды жүргізеді. Сұранысқа ие маман.

Photos from Altay's post 22/05/2023

“Денсаулығың бар кезде жүгірмесең, аурушаң болғанда жүгіруіңе тура келеді.”

Бұл менің сөзім емес, көне Рим ақыны Горацийдің сөзі. Біздің заманымызға дейінгі кезеңде айтып кеткен екен.

Алып қосарым жоқ.

Жиырма бірінші ғасырдың үлкен проблемаларының бірі - қозғалыс азаюы себебінен адамдардың аурушаң болуы екен. Оның орнын толықтыру үшін кофе, түрлі энергетиктер, препараттар қолданып, жағдайды одан әрі ушықтырамыз.

Ерте ме, кеш пе білмедім, әйтеуір аздап жүгіруді қолға алғалы тәнімде де, санамда да өзгеріс барын сезініп, шүкір етемін. Неге ерте бастамадым деп өкінбеймін, бастысы әлі кеш болмаса болды. Осы орайда осыған себепші болған орта - Спартаға алғысым шексіз.

Кеше бірінші рет жарты марафонды жүгіріп өттім. Алған әсерімді жеткізе алмаймын.

Сізді де уақытты созбай қимылдауға шақырамын!
Себебі жүгіру арқылы денемізде жасырынып жатқан ауруларды табады екенбіз. Тізең ауырды ма, демек ертең қырыққа не елуге келген шағыңда дәл сол тізеңнен зардап шегуің мүмкін еді, сен соны қазір жүшіру арқылы емдеп ал. Ентігесің бе, жаттығу жасап өкпеңді жақсарт.

Обшым, жүгіру арқылы өзіңе жиагноз жаса жа, сол жүшіру арқылы емдел!

15/05/2023

Қорқыныш жайлы

Біздің миымыздың 🧠 ең негізгі миссиясы - бізді өлімнен сақтау. Сондықтан да ол бізге қауіпті нәрсенің бәрін әсірелеп көрсетеді де, барынша бізді қорғаштауға, сәйкесінше жайлы ортада ұстауға тырысады.

Қарынды ашырмау, ұйқыны қандыру, қауіпті жерге жібермеу, ыстықтан, суықтан қорғау сияқты нәрселерді сол миымыз бізге бұйырып тұрады.

Қарапайым ғана мысал: жылы суда душқа түсіп жатып кранды суық суға бұрып қалғандағы болатын реакция - сол мидың қорғану механизмі. Жүрекке сигнал жіберіп, барынша қанды жылдам айдап, өкпеге жіберетін сигналы арқылы тез әрі терең демалдырып, ағзамызды оттегіне қандыру сияқты амалдарды жасайды.

Бұлар автоматты түрде жүретін физиологиялық процестер.

Одан бөлек менталды процестер бар. Белгілі бір істі бастап кетуден қорқу, парашютпен секіруден қорқу, бір кісімен сөйлесуден қорқу, танысудан қорқу, спортпен шұғылданудан қорқу, ерте тұрудан қорқу, ораза ұстаудан қорқу… тағы сол сияқты кете береді. Біз оның қорқыныш екенін мойындағымыз келмейді, алайда ол да сол миымыздың бізді комфорттан шығармауға жасап жатқан амалы екенін түсіруіміз керек. Ал біз оны жағдайды толық зерттедім, сараладым деп ақтап аламыз.

Белгілі бір деңгейде жетістікке жеткен адамдар - сол қорқыныштың бар екенін мойындап, соған қарсы ерік-жігерін жұмсаған адамдар. Солайша қорқынышын жеңу арқылы деңгейін өсіргендер.

Соңғы уақытта өте көп жерден байқаным: қорқыныш бар жерде - өсу бар. Осы қағиданы көп кезіктірдім.

Ендеше, ағынмен жүзе бермей, бір сәт тоқтап, ойыңызды жинақтап, осы күнге дейін неден қорқып жүрсіз, қандай әрекет сізге ыңғайсыздық тудырады, соларды тізіп жазып, ақырындап сол қорқыныштарыңызды жеңуге тырысыңызшы. Нәтижесін көресіз.

Суретте мен де қорқыныштарыма қарап тұрмын.

Қандай қорқынышыңыз бар екенін комментарийге жаза кетіңіз! 👇🏻

Want your business to be the top-listed Photography Service in Nur-Sultan?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Website

Address

Nur-Sultan