ERTUR
14/10/2020
✔️ERTUR компанясының негізің қалаушы!!!
⠀
👨🦱Мен Ерлан Ерсайнов .erlan_e
⠀
Бұл турдын негізгі мақсаты Қазақстанның ең әдемі жерлерін таныстыру, ішкі туризмді дамыту, ең бастысы адамдарға көтерінкі көңіл-күй мен естен кетпейтін саяхат ұйымдастыру.
Шарын шатқалы,Қайыңды, Көлсай көлдеріне .Гид қызметін көрсетіп апарамыз.
⠀
Мен үшін әр адамның көніл күйі өте маңызды.
Маған сенім білдіргеніздерге алғышым шексіз.
⠀
Сіздерді жақсы көремін♥♥♥
#алмата #танысу #туризм2020
#казахстан #қазақшамаркетологтар13
14/10/2020
«Көлсай көлдері»
Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жыл 7 ақпандағы № 88 қаулысымен құрылды. Парк территориясында теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафттар кездеседі. Әлі де болса адамдардың шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген ерекше табиғи орта кездеседі.
Тапу өзендері, құздар, көлдер мен өзендер түрлі-түсті бояуларға боялған, бұталы өсімдіктер осы аумақтың тартымды және көріктілігін көрсетеді.
Ауа-райы жағдайы демалу және сауықтыру үшін ыңғайлы, оған сәйкес қысы жұмсақ, ауасы таза, қысқы демалыс түрлері үшін қолайлы. Көлсай көлдеріне жаяу және атты маршруттармен, ал Қайынды көліне дейін автокөлікпен баруға болады.сонымен қатар, сіздер гидтер мен экскурсовод-нұсқаушылардың қызметін пайдалана аласыздар. Ұлттық парк аумағы біркелкі массивтен құрылған алматы облысының Талғар және Райымбек территориясында орналасқан. Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан: Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай.
#көлсай #туристы #демалыс
13/10/2020
✔️Саты ауылы
Көлсай мен Қайыңдыға бет алған кез келген жолаушының не туристің жол бойындағы Саты ауылына тоқтайтыны анық. Себебі, ауыл дәл осы қос туристік аймақтың ортасында, тоғыз жолдың торабы болып жатыр.
Аталған ауылдың мақтанып айтатын жетістігі де, мәселесі де бар. Бұл туралы арнайы зерттеу жұмыс жасап қайтқан Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы баяндайды.
Ауылдың аты шынымен Саты ма?
Google іздеу батырмасына «Саты ауылы» деп іздесеңіз, толық ақпарат ала алмайсыз. Тек ауылдың халық саны және аудан орталығы Кеген екені туралы ғана ақпарат аласыз.
Ауылда мың жарымға жуық халық тұрады. Кіре салған кезде «Саты» деген жазуға көзіңіз түседі. Алайда, жергілікті халық туып-өскен жерлерін бұлай атай қомайды. Себебі, ауылдың атауы – Таушелек.
Ауылға кірген бетте оң жақ бетте қос киіз үй тігілген. Туристерді қабылдайтын осы үйдің иесі Ербол мырзамен және ауыл тұрғыны Бауыржанмен сөйалесудің мүмкіндігі туды.
Ауылдың аты неге «Саты» деп аталған?
Ауылдың аты «Саты» болып кетті демесек, жергілікті тұрғындар үшін Таушелек. Таушелек деген атаудың өз жөні бар. Мынау іргеде ағып жатқан Шелек өзені, ал ар жағында Іле Алтауының сілемі. Осыдан кейін халық бұл жерді Таушелек деп атаған.
Саты деген атау қайдан шықты?
Бұл туралы нақты ақпарат жоқ. Тегінде бұл жерде қалмақтардың ордасы болған. Содан қалған атау болса керек. Кейін бәрі «Саты» деп жүріп, ақыры ресми түрде бекітіліп кетті. Тур агенттіктердің гид жасайтын, жол сілтейтін мамандары кейде өтірік қосып жібереді. Мәселен, «Саты» деген сөз ауылға жолдың саты секілді төменге қарай түсіп келуі деп айтады екен. Одан қалса рудың атымен байланыстырып жатады. Мұның бәрі өтірік.
Тағы бір мәселе, жолда «Жалаңаш» деген ауылдан өттіңіздер. Бұл жердің де атауы бұлай аталмауы керек еді. Шын аты – Жалағаш. Орыстар тілдері келмей «Жалаңаш» деп атап кеткен.
Ауылдағы туризм туралы айтып берсеңіз?
Алматы облысындағы «миллионер ауыл» деп айтып жатады. Сөздің жаны бар. Таушелек Қайыңды мен Көлсайға баратын жолдағы негізгі орталық. 2015 жылдан бастап жергілікті халық туристердің жиі келетінін түсінді. Әсіресе, шетелден көп келеді. Оларға жатын орын, тамақ, көлік, қыдыратын ат керек болды.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Almaty